Úı Jańalyqtar Ішіп алған жүргізушілер азаяр емес

Ішіп алған жүргізушілер азаяр емес

Алкогольдік ішімдік ішіп алып, көлік басқаратындар азаяр емес. Таяуда облыстық ішкі істер департаментінің әкімшілік полиция басқармасының жеке полкы жолда рейд өткізді. Оған жол-патрульдік полициясының қызметкерлері қатысты.

Тәртіп сақшылары бірнеше сағат бойы қаланың басты көшелерінде күшейтілген режимде жұмыс істеді. Соның нәтижесінде екі сағаттың ішінде мас халде көлік басқарған 10 жүргізуші ұсталды.

[youtube]www.youtube.com/watch?v=81eWBRmX59Y[/youtube]

Наркологиялық сараптама кезінде дәрігер бұл жүргізушінің спирттік ішімдік ішкенін анықтап берді. Енді оның үстінен әкімшілік хаттама толтырыоып, айыппұл кесіледі.

[youtube]www.youtube.com/watch?v=3cLmtrkAUpA[/youtube]