Ақмола облысы Аршалы ауданында су тасқыны қаупін жою үшін Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел тобы 5 бірлік техника, 40 жеке құрам, 15 мотопомпа, 1 бірлік қайық жолданды.
Шымкенттік құтқарушылар Жібек жолы, Қостомар, Талапкер, Ыбырай Алтынсарин ауылдарында және Анар станциясында қар суын сору және жағаларды нығайту, қаптарды инертті материалдармен толтырып, оны төтенше жағдай аумағына төсеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінде 5230 қап дайындап, 51950 текше метр су сорылды.
Асқар Шәріп, Шымкент қаласы ТЖД ресми өкілі: “Құтқарушылар 2 стратегиялық нысанды және Аршалы ауданы Жібек жолы, Қостомар, Талапкер, Ыбырай Алтынсарин ауылдарында және Анар станцияларында су басу қаупінің алдын алып жатыр”.