Төлеби ауданындағы ауылда көлік пен шаруашылық құрылыстары өртенді

86
фото life09.kz/kz

Төлеби ауданындағы ауылдың бірінде шаруашылық құрылыстары мен бірнеше автокөлік өртенді. Қазіргі уақытта күдіктілер құрықталды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. Зардап шеккендер жоқ.

Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қазіргі уақытта ауылдағы жағдай тұрақты. Іс Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында”, — деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.