ForteBank өз тұтынушыларына керемет жаңалықтарын ұсынады. 18 наурыздан бастап «ОйБой, Camry» науқаны басталды. Акцияға жыл соңына дейін 100 мың теңгеден аса несие алған банк қолданушылары қатыса алады. Ал жолы болғыш жеңімпаз су жаңа автокөлікке ие болмақ.
ForteBank 2023 жылдың соңында цифрлық қызметтер санын толықтырады. Енді Шымкент, Кентау және Арыс қаласының тұрғындары қоғамдық көліктерде жол ақысын банктің мобильді қосымшасындағы QR-код арқылы төлей алады. Сонымен қатар, электронды платформаның «Төлемдер» бөлімінде жол жүру картасын тиімді әрі ыңғайлы толтыруға мүмкіндік те қарастырылған. Мамандар банк қызметін қолданушылар үшін барлық жағдай жасалатынын жеткізді.
«ForteBank мобильді қосымшасы арқылы автобустағы төлемді оңай әрі тиімді төлей аласыз. ForteBank әрдайым сізбен бірге!», — дейді solo менеджер Әсел Жайлауова.
Ал енді ең басты керемет жаңалық. ForteBank «ОйБой, Camry» науқанын бастады. Акцияға қатысу үшін банк қызметін қолданушылар 100 мың теңгеден жоғары көлемде несие рәсімдесе жеткілікті. Ол үшін компания филиалдарына бармай-ақ мобильді қосымша арқылы қызметтерді алса да болады. Ал жолы болған 3 бақытты жан жыл соңында Camry автокөлігінің иесіне айналады.
«ForteBank-тың қолданушыларына керемет жаңалығымыз бар. Бізде «ОйБой, Camry» атты науқанымыз басталып жатыр. Бұл науқан 18 наурыздан бастап, 23 желтоқсанға дейін жалғасады. Науқанға қатысу үшін тұтынушыларымыз 100 мың теңгеден асатын несие алса, автоматты түрде науқан қатысушысы болады. Camry науқаны бірнеше жылдан бері өткізіліп келеді. Осы күнге дейін 30-дан аса тұтынушымыз Camry иегері болды. Биыл да тағы 3 клиентіміз Camry-ге ие болады», — дейді ForteBank Шымкент қаласындағы филиалының басқарма басшысы Әсем Ысқақова.
Банк, тұтынушыларға несие алудың бірнеше жолын ұсынады. Атап айтқанда, тұрғындар ақшалай несиеден бөлек, қаражатты автокөлік немесе ипотека үшін алуына да болады. Ол үшін мобильді қосымша арқылы Black картасын ашса жеткілікті. Онда қызметті 1 жыл бойы тегін қолдануға және 500 мың теңгеге дейін қаржыны комиссиясыз аударуға, ақшалай шығарып алуға мүмкіндік бар.
Лицензия: № 1.2.29/197/36
03.02.2020 жылы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен берілген