Масаң күйде екенін анықтау үшін өткізілген медициналық куәландыру қорытындылары дұрыс емес 

29
фото ТАСБҚ

Түлкібас аудандық сотының ұйымдастыруымен, аудандық орталық ауруханасының мәжіліс залында, медициналық куәландыру қорытындыларын беру тәртібін талқылау мақсатында кездесу-семинар өткізілді.

Аталған іс-шараға Түлкібас аудандық сотының судьясы Ж.Аятов, Түлкібас аудандық ПБ ӘПБ бастығы Ә.Қарақұлов, аудандық орталық аурухана басшысының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Ақылбаева және бөлім меңгерушілері мен дәрігерлер қатысты.
Кездесу барысында судья Ж.Аятов сот жұмысы барысында кездесетін, кейбір дәрігерлермен берілетін медициналық куәландыруқорытындылары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрығымен бекітілген «Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және масаң күйде екенін анықтау үшін медициналық куәландырудан өткізу қағидалары» талаптарына сәйкес келмейтінінайтып, қорытындыда адамның клиникалық жағдайы толық жазылмайтыны, қорытынды қағидаға сәйкес жасалуы тиіс екенін айтып көрсетіп, аталған қағиданы оқып талқыға салды.
Сұрақтарға жауаптар беріліп, кездесу соңында бекітілген қағидаға сәйкес қорытындылар берілетіні айтылды.