Шымкентте 11 сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсап көз жұмды. Оқиға 12 мамыр күні жасөспірімнің өз үйінде болған. Білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, оқушы белсенді, үлгерімі жақсы болған. Тәртібіне қатысты есепте тұрмаған.
«2024 жылы 12 мамыр күні 11-сынып оқушысы өз үйінде, жеке бөлмесінде өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болғаны анықталды. Мектеп әкімшілігінің мәліметіне сәйкес, марқұм оқушы ешкіммен ұрсысып, дауласпаған. Оқу үлгерімі жақсы, белсенді оқушы болған. Мектепішілік есепте тұрмаған. Аталған жайт бойынша құзырлы орган өкілдері тергеу жұмыстарын жүргізуде», — делінген Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.
«Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде», — деп мәлімдеді Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі.