Балалар анасымен бірге тұрудан бас тартты…

119
фото Ашық дереккөз

Келес аудандық соты, талап қоюшы А. жауапкер Ж-ға балалардың тұрғылықты жерін анықтау туралы талап қою арызы бойынша азаматтық ісін қарады.

Сот отырысында талап қоюшы  А. мен оның өкілі талап қоюдың уәждерін қолдап, қазіргі таңда кәмелет жасына толмаған кіші балаларын талап қоюшы жауапкерден өз тәрбиесіне алғанын, ал үлкен қыздары жауапкермен бірге тұрып жатқанын, сондықтан оларды да талап қоюшының тәрбиесінде қалдыруды сұраған.
Жауапкер Ж. пен оның өкілі сот отырысында талап қоюшының талап қоюындағы уәждермен мүлдем келіспей, үлкен екі перзентерінің анасымен тұруға ешқандай кедергі келтіріп отырмағандығын, онымен бірге тұру олардың өздерінің қалауы екенін, кішкентайлары бойынша ешқандай дауы жоқ екенін көрсетті.
Сот отырысында үшінші жақ Түркістан облысының білім басқармасының «Келес ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өкілі,  кәмелетке толмаған А. және А. жұмыс жүргізгендіктерін, олардың үзілді-кесілді аналарымен тұрмаймыз деген пікірлерін ескере отырып, әкесінің тәрбиесінде қалдырғанды жөн деп есептейтіндіктерін  көрсетті.
Кәмелетке толмаған Е. және А. тұрғылықты жері бойынша анасымен яғни, талап қоюшы А-мен бірге қалдырылды. Сот шешімімен талап қоюшы  талап қоюы ішінара қанағаттандырылды. Шешім заңды кұшіне енбеген.