Шымкентте Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақ директоры, кадр бөлімінің басшысы мен бас есепшісі 14 млн. теңгеден аса бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.
Бұл туралы Антикор мәлім етті. Мамандардың сөзінше олар күдіктілерге мекемеде жұмыс істемеген тұлғаларға айлық есептеу арқылы мемлекет қаржысын қолды қылды деген айып тағылып отыр. Қазір тергеу жұмысы аяқталып, іс сотқа жолданды.
«Олар аталған саябақта нақты жұмыс атқармаған тұлғаларға жалақыны заңсыз есептеу жолымен 14.7 млн. теңге мемлекет қаражатын жымқырды деп айыпталуда. Айыпталушылар сотқа жолданды», — дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров.