Заңсыз жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлік нысандарына рейд ұйымдастырылады

46

Осы айдың соңына қарай бизнесін тіркемей заңсыз жұмыс істеп жатқан азаматтарға қатысты рейд жүргізілетін болады.

Мамандардың сөзінше, қазір арнайы рұқсат алу жұмысы жүріп жатыр. Олар Әл-Фараби ауданына қарасты бизнес нысандары жиі шоғырланған аймақтарды тексеретінін айтады.

«2024 жылдан бастап мораторийдің бітуіне байланысты. Салық органдарына тіркелмей, өз беттерінше кәсіппен айналысып жатқандарға бақылау жүргізіліп, кассалық аппараттары бар ма? Тұрғындардан электронды пос-терминал арқылы жұмыс істеп жатыр ма? Лицензиялары жөнінде рейдтік шара ұйымдастырылып жатыр», — дейді Әл-Фараби аудандық МКБ салық төлеушімен жұмыс бөлімінің басшысы Бақытбек Болатбеков.

Егер тұрғын жұмыс істеп тұрған бизнесін заңдастырмаған болса бастапқыда ескерту беру көзделген. Мамандардың сөзінше, қазір, яғни жыл басынан бері аудандағы дүкендердің алкогольді ішімдік сатуға лицензиясы бар-жоғы да бақыланған.