Шымкентте екінші лек бойынша 213 адамға қайтарымсыз грант беріледі

91
фото Отырар.кз

Қайтарымсыз грант бойынша конкурстың екінші легі 15 шілдеде басталады. Ал жыл басынан бері қалада 214 адамға грант берілді. Биыл елімізде орын алған тасқынға байланысты бұл жоба біршама уақытынан кешіктірілді. Дейтұрғанмен конкурс 4-11 маусым аралығына белгіленіп, комиссия отырысы өтті.

Президент тапсырмасы бойынша құрылған «Бизнестің жол картасы-2025» шеңберінде бұл жолы 214 адамға қайтарымсыз грант мақұлданды. Алғашқы лекте Шымкент қаласының Еңбек мобильдігі орталығына 1 162 адам өтінім беріп, өз бизнес-идеяларын ұсынған.

«Кәсіпкерлік мақсатта берілетін қайтарымсыз гранттар мөлшері – 400 АЕК, яғни 1 447 800 теңге. Әр қатысушының тек бір рет алу мүмкіндігі бар», — дейді Шымкент қаласының еңбек мобильдігі орталығы.

Өтінім берушілерге оңтайлы болуы үшін өтінімдер электронды форматта қабылданды. Қайтарымсыз грантқа еңбекке қабілетті мүгедектігі бар адамдар, қолданыстағы қандастар, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырғандар отбасылар(жұбайы/зайыбы), асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алатындар отбасылар тарапынан өтінімдер түсті. Ол үшін үміткер жұмыссыздыққа тіркелген немесе тіркеу мерзімі 3 жылға дейінгі жеке кәсіпкер болуы керек. Сонымен қоса, үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқығаны туралы мерзімі үш жылдан аспайтын сертификаты болуға тиіс.

Комиссия өкілдері бизнес-жобалардың өміршеңдігі, бәсекеге қабілеттілігі және үміткердің сол саладағы кәсібилігіне көңіл бөлді.

Комиссиянің шешімімен оң қорытынды алған бизнес-жобалардың 25-і мал және құс шаруашылығы, қызмет көрсету – 52, кондитер және нан өнімдері – 34, тігін саласы – 41, жартылай фабрикат өнімдері – 16, жиһаз өндірісі – 3, өндіріс саласы – 35 және тамақ өнеркәсі – 8.

Комиссия отырысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы тікелей эфир ұйымдастырылып, қала тұрғындары жұмыс барысына қоғамдық бақылау жасады.

Естеріңізге сала кетейік, грант тұтынушылық мақсатқа, кредитті өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, өнім өндіруге берілмейді.

Аталған жобаның бірінші легі, барлық өңірде 8 сәуір мен 19 сәуір аралығында өтуі керек еді. Алайда еліміздің кейбір өңірлерінде төтенше жағдай орын алуына байланысты 1 лек кейінге шегерілді.