Вирус жұқтырған ер адам ауруханада қайтыс болды

12
Фото: Отырар.кз

Шымкентте үш адам конго-қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырды. Оның екеуі жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп, үйге шығарылды.

Ал тағы бір ер адам, Сайрам ауданының 61 жастағы тұрғыны ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен. Ол 3 күн жансақтау бөлімінде жатқан.

Алайда, дәрігерлер науқасты аман алып қалудың барлық амалын қолданғанымен ер адам есін жимастан ауруханада көз жұмды. Қазір тағы бір науқас ауру жұқтырды деген күдікке ілінді. Мамандар оның конго-қырым геморрагиялық қызбасына талдауларын тексеріп жатыр.

Бақтығали Ережепов, Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері: «Кене шаққан кезде жалаң қолмен жұлуға немесе біреуге жұлдыруға болмайды. Дәрігерге қаралып, алынуы керек қадағалаумен. Кене шаққаннан кейін дене қызуы көтеріліп, қанау белгілері пайда болғанда тез арада дәрігердің көмегіне жүгіну қажет».