«Бір ауыл – бір өнім» жәрмеңкесі өтті.

36
фото: Отырар.кз

Арбат алаңында «Бір ауыл – бір өнім» жәрмеңкесі өтті. Онда жергілікті өнімдер шығаратын 35 кәсіпкер қатысты. Оның ішінде комиссия шешімімен 3-еуі республикаға барады.

Жергілікті кәсіпкер табиғи өнімнен түрлі сусабын шығарады. Олардың бұл кәсіпті қолға алғанына 8 жылдың жүзі болған. Өндірістегі 30-ға жуық тауар қара зере, зәйтүн майы, хелбадан жасалады. Сұранысқа ие отандық өнімдер қазір шетелге экспортталып жатыр.

«Балалардың, жастардың шашы түсіп бастаған соң, осындай өнім жасап шығаруға белбайладық. Шашқа арналған сусабын, сабын, кілем жуатын өнімдер, қара зеренің шайлары бар», дейді компания менеджері Нұрсәуле Әбдраимова.

Осы сында шымкенттік 35 кәсіпкердің басы «Бір ауыл – бір өнім» жәрмеңкесінде қосылды. Олардың қатарында тігін, қолөнер, дәрі-дәрмек, диеталық тағам шығаратын жандар бар. Мамандар бұл шараның мақсаты жергілікті бизнестің дамуына леп беру дейді.

«Шараның мақсаты өнімдерді шетелге шығаруға, бәскекелестікке төтеп беретіндей тауарды шығаруға көмектесу. Қатысушылар арасында бірқатар іріктеу жүргізіледі. Іріктеудегі қойылатын талаптар тауардың жергілікті өнімнен шығарылуы», — дейді Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова.

Шара қатысушыларының ішінде ең мықты 3 кәсіп иесі республикалық көрмеге қатысады. Онда олар бизнесін одан әрі дөңгелету жолын үйренеді. Айта кетейік, шымкентте 120 мыңнан аса кәсіпкерлік нысан тіркелген.