Созақтық шаруалар балық шаруашылығын өркендетіп отыр

37
фото ТО ӨКҚ

Созақ ауданында «Ауыл аманаты» жобасы арқылы балық шаруашылығын дамытып отырған кәсіпкерлер саны артып келеді. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жаңа жобаны қолға алған Жартытөбе ауылдық округінің тұрғыны Нұрлыбек Әлтековтің шаруашылығымен танысты. Кәсіпкер жаңа жобаның тиімділігіне айрықша тоқталып, тоған жұмыстарымен таныстырды.

Айта кетейік, шаруа «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 8 млн 300 мың теңге көлемінде 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін бастаған. Шаруа қожалық иесі биыл мамыр айында 10 000 дана сазан шабағын арнайы қазылған тоғанға жіберген. Қазіргі уақытта бұлақ суын ұтымды пайдаланған кәсіпкер өнімін сатуға дайындауда.
Айта кетсек, 2024 жылдың 6 айында «Ауыл аманаты» бағдарламасымен облыста балық шаруашылығын дамыту мақсатында 24 кәсіпкерге 168,9 млн теңге жеңілдетілген несие берілген. Аталған уақыт аралығында облыстағы балық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарымен 4 900 тонна балық өнімдері өңделген.