Түркістан облысында жылыту маусымына қажетті көмір қоры жеткілікті

30
Отырар

Көмірмен қамту жұмыстары Түркістан облысында жаз кезінен бастап қолға алынды.

Жауаптылар айтуынша, халық ерте қамдануы үшін қажетті қатты отын қоры жинақталған. Алдағы жылыту маусымына дайындық облыс әкімінің қадағалауында.

Облыстың 2024-2025 жылдарға жылу маусымына дайындық және көмірмен қамту барысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды. Жауаптылар сөзінше, әлеуметтік нысандардың қысқы қор жинау жұмысы қарқынды. Алайда тұрғындар мен жылыжай иелері тарапынан белсенділік байқалмайды.

Зұлпыхар Жолдас, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары: «Алдағы жылыту маусымына қажетті көмір көлемі – 700,9 мың тонна. Осы күнге қамтылғаны – 157 мың тонна. Өңірде 23 теміржол тұйығы бар. 23 өңірлік операторлар қызмет көрсетеді. Білім, денсаулық, мәдениет, спорт салаларындағы бюджеттік мекемелер қажетті қатты отын қорын жинақтауда. Тұрғындар қажеттілігі – 318,1 мың тонна, жылыжайлар қажеттілігі – 282,9 мың тонна».

«Шұбаркөл Көмір» АҚ мен Түркістан облысының жылыжай шаруашылықтары арасында 150 мың тонна қатты отын жеткізуге тікелей келісімшарт жасалған. Бұл келісім Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің өкілдері, Түркістан облысы әкімдігі, жылыжай шаруашылықтары, көмір жеткізу жөніндегі өңірлік операторлар, көмір кәсіпорындары және «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдерімен бірнеше рет жүргізілген келіссөздер нәтижесінде қол жеткізілген. Жеткізу ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан басталды. Жылыжай иелеріне осы күнге дейін 100 000 тонна қатты отын тасымалдану қажет болған. Алайда тасымалданбаған. Өндірушінің өзінен тікелей өнім алатын өңірлік операторлар халықпен тікелей жұмыс істеп жатыр.

Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі: «Маған жұмыс істеп қана қоймай,  жүктелген  міндеттерді орындаған  керек. Егер де субсидия беретін болса. Оны дұрыс  тиімді пайдалану керек».

Көмір сатылымы ерте басталғанымен, халық тарапынан да белсенділік болмай тұр. Қысқа ерте қамдануды халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Облыс әкімі барлық жауапты басшылар мен аудан, қала әкімдеріне бұл бағыттағы жұмыстарды ширатуды тапсырды.