Úı ANONS Полицейлер жүргізушінің көлігінен есірткі тәркіледі

Полицейлер жүргізушінің көлігінен есірткі тәркіледі

фото ТО ПД

Түлкібас аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызметтік міндеттерін атқару барысында, есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісін анықтады.

Нақтырақ айтсақ, елді мекендердің бірінде полиция қызметкерлері 27 жастағы тұрғынның басқаруындағы «Daewoo Matiz» маркалы автокөлігін тоқтатты.тЖедел уәкілдер тексеру кезінде жүргізушінің салонынан есірткіге ұқсас затты тапты.
Тәркіленген заттың жалпы салмағы шамамен 10 грамға жуық марихуананы құрады. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.