Шымкенттегі Стандартцемент серіктестігінде қоршаған ортаға өндерістен шыққан зиян қалдықтар көрсеткішін анықтайтын автоматтандырылған мониторингілік жүйе орнатылған. Кәсіпорындағы сала мамандары осы қондырғы арқылы атмосфералық ауаны ластау көрсеткішін бақылап отырады.
Баянсұлу Оразбай, «Стандартцемент» ЖШС-нің бас экологы: «Завод территориясында АСМ қондырғысы орнатылған. АСМ бойынша Ұлттық бактің жинақ базасына сераокисд, пыль азоттың көрсеткіші».
Маманның айтуынша, биыл наурыз айына дейін өлшеуді әр тоқсанда жүргізсе, енді қондырғы орнатылғаннан бері әр жұма сайын мониторинг жүргізіледі екен. Шымкент қаласы бойынша Экология департаментіндегілердің мәліметінше, мониторингілік автоматтандырылған жүйені орнатуға «Стандартцементтен» бөлек «Шымкентцемент», «Энергоорталық-3» және «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» кәсіпорындары да міндеттелген. Әзірге аталған мекемелердің үшеуі қондырғыны орнатқан болса, жыл соңына дейін мұнай өңдеу зауыты басшылығына автоматтандырылған мониторингілік жүйесін орнату жүктелген.
Сабыр Асанұлы, Шымкент қаласы бойынша Экология департаменті басшысының орынбасары: «Егер рұқсат етілген шекті мөлшерде концентрациядан асқан факты болса, біз департаменттің режимде қарап отырамыз. Заң аясында талаптарды сақтамаған үшін оған ҚР Экімшілік құқық бұзу Кодексінің талаптарына сәйкес әкімшілік айыппұлдар төлейді».
Шымкентте І санаттағы обьектілерге жатқызылған кәсіпорындардағы эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесі тақырыбына арналған баспасөз турда сала мамандары бұл санаттағы кәсіпорындар экология тарапынан рұқсат ластаушы заттарға Салық кодексіне сәйкес қоршаған ортаға эмиссия төлеп отыратынын алға тартты.
Қоршаған ортаға эмиссиялар дегеніміз ластаушы заттардың шығарындылары, төгiндiлерi, қоршаған ортада өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, зиянды физикалық әсер ету, күкiрттi қоршаған ортада ашық түрде орналастыру және сақтау.