Оқуға түсіріп беремін деп таныстарын алдаған әйелдің ісі сотқа өтті

30
фото kz.otyrar.kz
Кентау қаласының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстары кезінде алаяқтық жасады деген күдікпен жергілікті тұрғынды қолға түсірді.
Белгілі болғандай, күдікті әйел танысын оқуға түсіріп беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 600.000 теңгесін алған. Алайда уақыт өтсе де уәдемін орындамай, алған ақшаны жеке бас пайдасына жаратып жіберген.
Тәртіп сақшылары күдікке ілінген әйелдің бұдан бөлек дәл осындай алаяқтыққа қатысты 2 жайтын анықтады. Жәбірленушілерге 3 миллионнан астам шығын келтірілген. Қазіргі таңда күдікті қамауда, іс сотқа өтті.