Оқушылар ашық сот отырысына қатысты

24
фото Шымкент соттары

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық сана мен тәрбиені көтеру мақсатында №1 Техникалық лицейдің оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара аясында оқушылар ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған М.-ға қатысты ашық сот отырысына қатысты.
Сот отырысы аяқталған соң оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыстар мен оларға тағайындалатын жазалар туралы сұрақтар талқыланып, оларға жан-жақты жауаптар берілді.
Сұқбат барысында, істі қараған судья, прокурор және адвокат оқушыларға заң саласына қатысты кеңестерін айтып және де қатысқан 23 оқушының 9-ы болашақта заңгер болғысы келетінін айтып өтті.
Шара аясында судья А.Есенов өзі де осы лицейдің түлегі екенін, оқушыларға айтылған кеңестер мен пікірлерді назарларына алып, еліміздің дамуына өз үлесін қосу әр адамның міндеті болып табылатынын айтты.