Шекара арқылы 86 атыс қаруы мен 23 діни әдебиет алып өтпек болған

28
фото ҰҚК Шекара қызметі

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылғы қыркүйекте құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып: шекара кеңістігінде 5 694 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушылары ұсталды, соның ішінде: 17 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды; 28 шетел азаматымен шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді.

Мемлекеттік шекара арқылы 1 574 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде: 75 – есірткі заттары; 86 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (1 дана зақым келтіру, 1 дана оқсыз атылатын, 1 дана пневматикалық, 1 дана сигналдық және 3 618 дана суық қарулары, 69 дана оқ-дәрілер); 23 – діни әдебиет (2 722 дана); 462 – жалпы сомасы 165 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (102 000 литрден астам); 801 – жалпы сомасы 3,1 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары (соның ішінде темекі бұйымдары 156 млн теңгеден астам); 127 – жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеден астам шетел валютасы.

Каспий акваториясында 37 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ:

23 дана жүзу құралдары;

жалпы ұзындығы 18,3 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;

43 дана (411 кг) бекіре тұқымдас балықтар;

1 096 дана (2 364 кг) таза тұқымдас балықтар;

1 дана каспий итбалығы;

алды алынған залал сомасы 163,8 млн теңгені құрайды.

Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді. Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде.