Терроризмді насихаттаған ер адам 8 жылға сотталды

32

Шымкентте терроризмді насихаттаған ер адам сотталды. Сотталушы әртүрлі әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттап және экстремистік әрекеттерін ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндірген.

Сонымен қатар, террористік және экстремистік әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарды жихадқа шақырған. Ол қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлігі, 259-бабы 1-бөлігімен айыпталды. Сотталушының кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденді.

Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

«Сот, сотталушының жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтарының ауырлығын, жасаған қылмыстың әлеуметтік мәнін, жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның кінәсін толық мойындауын, істеген іс-әрекетіне шынайы өкініш білдіргенін ескере отырып, сот тек бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот, оған түпкілікті 256-бабының 1-бөлігі, 259-бабының 1-бөлігі негізінде 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», — деп мәлімдеді Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі.