Түркістан облысында референдум күні 132 бала дүниеге келген

26
ОТЫРАР

Түркістан облысында референдум күні 132 бала дүниеге келіп, республикада көш бастады. Оның ішінде 70 ер бала, 62 қыз бала және бір егіз бар. Жалпы өңірде жыл басынан бері 30 мыңнан астам сәби өмірге келген.

Түркістан облысында референдум күні 132 сәби дүниеге келген. Оның 70-і ұл ал, 62-сі қыз бала. Және біреуі егіз. Ел ертеңі үшін аса маңызды кезеңде дүниеге нәресте әкелгендердің бірі – Балжан Талғатқызы. 33 жастағы келіншек перзентханада өз таңдауын жасап, құшағына 5ші баласын алған.

Балжан Талғатқызы, Төлеби ауданының тұрғыны: «Референдум күні 10-11 шамасында босанбай тұрып өз дауысымды бердім. Содан кейін түске қарай босанып алдым. Жақсы босандым. Өзім босанып алдым»

Дәрігерлер жаңа босанған ана мен баланың жағдайы тұрақты дейді. Жалпы 6 қазан күні №1 Облыстық перинаталдық орталықта 11 сәби дүние есігін ашыпты.

Гүлнұр Жұмағұлқызы, № 1 Облыстық перинаталдық орталықтың бөлім меңгерушісі:
«Салмағы 3.980 г, бойы 55 см. Мамасы мен баласының жағдайы қазіргі таңда қанағаттанарлық. Жақсы деуге болады. Кешегі күннің өзінде референдум күні 11 бала босанған. Оның 8 қыз, 3 ер бала босанған»

Ал Шымкентте референдум күні 55 бала дүниеге келген. Оның 54-і ұл болса, 1-і қыз бала.