Балық және балық өнімдеріне қойылатын талаптар

24
фото Егемен.кз

 

Балық – дұрыс тамақтанудың негізгі компоненттерінің бірі және ақуыз, майлар, дәрумендер мен минералдарға бай. Сондықтан балық өнімдерінің күнделікті ас мәзірінде орны бөлек. Алайда балық және балық өнімдері тез бұзылатын өнімдер қатарына жатады.

Осыған орай, балық өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Кеден Одағының «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 040/2016 техникалық регламенті Еуразиялық экономикалық одақ аумағында айналымға шығарылатын балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарын, сондай-ақ өндіру, тасымалдау, сақтау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне қатысты және таңбалауы мен орау талаптарын белгілейді.

Балық және балық өнімдерін буып-түю олардың ластануына жол бермейтін жағдайларда жүргізілуі тиіс. Балық өнімдерінің орамы оның қауіпсіздігін және жарамдылық мерзімі ішінде бірдейлік белгілерінің өзгермеуін қамтамасыз етуі тиіс.

Орама материалдары мен ыдысы:

Балық және балық өнімдерінің органолептикалық қасиеттерін бұзбауы;
Тамақ өнімдерімен жанасуға рұқсат етілген материалдардан жасалуы;
Жеткілікті түрде берік болуы;
Санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып, жеке үй-жайларда сақталуы;
Мұзбен салқындатылатын өнімді сақтау үшін пайдаланылатын ыдыс ретінде судың жақсы ағымын қамтамасыз етуі тиіс.

Тұтыну орамасына:

Осы өнімді дайындау кезінде пайдаланылмаған балықтар мен басқа да ингридиенттердің суретін салуға;
Жасанды жолмен әзірленген тамақ өнімдеріне балық және балық өнімдерінің суретін, атауын салуға тыйым салынады.

Балық өнімдерін таңбалауда мынадай ақпарат болуы тиіс:

Кәсіпшілік ауданына тиесілілігі;
Балықтың ұзындығы мен салмағы (ірі, орташа, ұсақ);
Бөлшектеу түрі;
Мұздатылған өнім үшін таза салмағы қабыршық немесе арнайы сақтандыру жабынының салмағы есепке алынбай көрсетіледі. Қатқан мұз немесе сақтандыру жабынының салмақтық үлесі жеке көрсетілуі тиіс.
Егер осындай ақпараттың болмауы тұтынушыны жаңылыстыруға ұшыратуы мүмкін болса, ерекше жағдайы немесе өңдеу түрі;
Иондаушы сәулелерді пайдалану туралы ақпарат;
Тұздылық деңгейі;
Сұрып немесе санаты;
Вакуумда оралған немесе газды ортада оралған деген жазуы болуы.

Дүкен сөрелерінен балық өнімдерін алу кезінде ағзаға пайдасы бар құнарлы тағамдарды таңдай білу керек, балық өнімдерінің таңбалануында жазылған ақпараттарға аса мән берген дұрыс.

А. Ахметов,

Шымкент қ. СЭБД басшы орынбасары