Шымкенттік жастар ұшақ апатынан зардап шеккендерге қолдау көрсетті

23
фото ШӨКҚ

Бүгін таңертең қаралы оқиға талайларды қамықтырды,  Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан Embraer 190 ұшағы апатқа ұшырады. Бұл хабар шетте қалмаған шымкенттіктердің жүрегін сыздатып, жанын ауыртты.

Зардап шеккендерге қан тапсыруды алғаш болып Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері ұйымдастырды. Олардың бұл ісі көпшілікке үлгі болды – акцияға белсенділер, студенттер және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қосылды.

«Біз бәріміз бір отбасымыз, қиын сәттерде бір-бірімізге қолдау көрсету маңызды. Біз тапсырған қан біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін», — деп атап өтті қатысушылар.

Шымкенттік жастар қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, алдағы уақытта да қолдан келген көмекті көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.