OKS Group: Болашақтың негізін бірге қалаймыз! 

20

Шымкентте жыл өткен сайын тұрғын үй кешендері көптеп салынып, үшінші мегаполис заманауи қалаға айналып жатыр. Көкке қол созған көпқабатты үйлерді тұрғызатын компаниялардың бірі OKS Group – шаһардағы алып үй-ғимараттардың салынуына бірден-бір үлескер. Компания осы уақытқа дейін көптеген жобаларды сәтті аяқтап, бұқараның біразы олардан баспана алған.

Енді танымал құрылыс компаниясы тұрғындардың талап-тілегіне орай сату бөлімінің жаңа филиалын ашты. Ол үшін барлық қажеттіліктер ескеріліп, локациясы тамаша таңдалған. Бұл филиал қайда орналасқан және онда қандай қызмет көрсетеді? 

Шымкент аумағында осы уақытқа дейін 10-нан астам тұрғын үй кешенін сәтті аяқтаған OKS Group құрылыс компаниясы тұрғындардың ыңғайына арнап өзінің жаңа филиалын керемет локациядан ашты. Кезекті сату бөлімі алдында Отбасы банк, маңайында екінші деңгейлі банктер қатар түзген Т.Әлімбетов көшесі №2 мекенжайында орналасқан.

Таптырмас қолайлы жерді таңдаған компания шымкенттіктерге шаһардың ең тамаша орындарынан бой көтерген және әлі де құрылысы жүріп жатқан эконом класстан бастап, бизнес санатқа дейінгі тұрғын үй кешендерін ұсынады. Нарықта өзіндік орны бар OKS Group-тың құрылыс нысандарына Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясының өзі кепілдік береді. Яғни, мемлекеттік кепілдікке қол жеткізген.

Құрылыс компаниясының басшысы тұрғын үй кешендері заманауи стандарттарға сай және соңғы технологиямен салынатынын айтады. Сондай-ақ басымдық клиенттердің сұранысына беріліп, жобалау әрдайым қайта қаралады екен. Бүгінде қаланың өсіп, өркендеп жатқан Shym City аумағында аталмыш компанияның көпқабатты үй ғимарттары көптеп тұрғызылып жатыр.

Расул Илимбаев, OKS Group құрылыс компаниясының директоры: «Біздің тұрғын үй кешендері мемлекеттік экспертизадан өтеді. Және заманауи стандарттарға сәйкес, бүкіл жер сілкінісі басқа да апаттарға технологиялар қарастырылған. Тұрғын үй кешендерінде бизнеске деген мүмкіндік те бар бар. Өйткені бірінші қабаттарда кәсіпке арналған жәй-орындар болады».

Қала тұрғыны Олжас Жеңісхан компанияның сату бөлімінің ресми ашылған екінші филиалына алғашқылардың бірі болып келген.  Айтуынша, OKS Group біраз құрылыс  материалдарын өздері шығаратындықтан кепілдікке деген сенім мол. Ал бой көтерген тұрғын үй кешендері қаланың ең көрікті жерлерінде орналасқан. Және компания көбіне комфорт және бизнес санаттағы көпқабатты үйлерді тұрғызатындықтан, жайлылықтың қамын толық қарастырады дейді ол.

Олжас Жеңісхан, қала тұрғыны: «Көрікті, қаланың келбеті дейді ғой, компанияның тұрғын үй кешендері осындай керемет локацияларда орналасқандықтан осы OKS Group-ты таңдап келіп отырмыз. Бұл компанияның екінші филиалы. Бұрын Нұрсәтқа баратын едік. Нұрсәт біреуге алыс болуы мүмкін. Қазір енді қаламыздың ортасында, Абай парктің жанында орналасқаны бізге ыңғайлы болып отыр».

OKS Group құрылыс компаниясының тұрғын үй кешендерінен тұрғындар Отбасы банктің ипотекалық бағдарламалары арқылы пәтер сатып ала алады. Салынып біткен немесе құрылысы жүріп жатқан нысандардың қайсысы болса да, екеуіне де мүмкіндік қарастырылған. 10 және 20 пайызды көрсететін бастапқы жарнаны құю арқылы ипотекаға баспана рәсімдеуге болады.

Еркін Ақыншаев, «Отбасы банк» АҚ Шымкент қалалық филиал директорының орынбасары: «Біздің банк арқылы азаматтар осы құрылыс компаниясының тұрғын үй кешендерінен «Қамқор» бағдарламасы және де «Наурыз» бағдарламасы арқылы баспана рәсімдей алады. Және де нарықтық ішкі «Өз үйім» деген бағдарлама да клиенттерге осы компанияның үйлерінен пәтер алуға мүмкіншілік береді. Prime Park, Modern City үйлерінен қазіргі таңда клиенттер таңдап алып, тікелей сатылыммен немесе 50/50 бағдарламасымен сондай-ақ «Наурыз», «Қамқор»  бағдарламасымен алып жатыр».

Баспана алуға қамданып жүргендер  құрылыс компаниясының шаһардың таңдаулы орындарында орналасқан 6 тұрғын үй кешенінің кез келгенінен өз таңдауын жасай алады. Клиенттердің қалауына орай монолит немесе күйген қышпен де тұрғызылған үйлер бар. Бір шаршы метр бағасы 350 мың мен 520 мың теңге аралығында.

Айта кететіндігі, азаматтар тек Отбасы банк  емес, екінші деңгейлі банктер арқылы да пәтер алу мүмкіндігіне ие. Онда 7-20-25 бағдарламасы да қолжетімді. Жаңа сату бөлімінде тұрғын үй кешендері және оларды сатып алу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат беріледі. Ал келісімшарт жасайтын болсаңыз, алысқа аптықпай, бөлімнің ішінде бәрін оңай шешуге болады.