Кентаулық көпбалалы ана үй жағдайында табиғи таза шұжық өндіреді

фото ТОӨКҚ
Кентау қаласының тұрғыны Нұрсұлу Батырбекова бірнеше жыл қалалық білім беру мекемелерінде мұғалім болып қызмет атқарған. Қазіргі таңда көпбалалы ана қала тұрғындарына экологиялық таза, дәмді өнімдерін ұсынуда.
“Мен балаларымның тамақтануына ерекше мән беремін. Сол себепті балаларыма таза өнімнен жасалған шұжық пісіру ойыма келді. Сөйтіп алматылық аспазшының шеберлік сағатына қатысып, үй жағдайында шұжықты өзім дайындай бастадым. Бүгінде басқа қалалардағы қыз-келіншектермен үй жағдайында шұжық дайындау әдістерімен бөлісіп жүрмін”, – дейді Нұрсұлу Әбдіхалыққызы.
«Адал үй шұжығының» құрамында сиыр еті, тауық еті және қойдың майы қолданылады. Сонымен қоса, қажетті қоспалар мен Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының рұқсатымен алынған дәмдеуіштер қосылады. Етті арнайы тапсырыспен алып, өзі құрылғымен шегіп әзірлейді. Нұрсұлу Батырбекованың жасаған өнімнің ерекшелігі де осында. Қазіргі таңда денсаулыққа зияны жоқ, бағасы да тиімді өнімге сұраныс артуда. 12 түрлі шұжықтың түрін жасай алатын көпбалалы ана осы уақытқа дейін 1 мыңнан аса шәкірт тәрбиелеген. Кәсіпкер ана шығарған шұжықтарын қаладан бөлек, Түркістан, Шымкент, Алматы, Сәтпаев қалаларына да жеткізіп отыр.