Мас күйде адам өлтірген жүргізуші сотталды

4

Мас халде көлік тізгіндеп, бір жанның өліміне себеп болған жүргізуші сотталды. Оқиға былтыр Шымкентте қараша айында орын алған. «ВАЗ 2107» маркалы көлікті басқарып келе жатқан ер адам бағдаршамның қызыл белгісіне өтіп, жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Салдарынан «ВАЗ 21099» маркалы темір тұлпардағы жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болды.

Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі: «Сот Қылмыстық кодекстің 345-1-бабының 3-бөлігімен қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 10 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ».