Ордабасы ауданында бір тонна наурыз көже таратылды

фото ТӨКҚ
Ордабасы ауданында Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз мейрамы тойланды. Мерекелік шарада ұлттық құндылық пен әдет-ғұрып насихатталды. Береке мен бірліктің жарқын көрінісі болған игі шарада аудан тұрғындары мен қонақтарына 1 тонна наурыз көже таратылды. Мерекелік шара арнайы Ордабасы тауында ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, ауданда Наурыз мейрамы қарсаңында киіз үйлер тігіліп, әр үйдің ішінде шаш өру, соқыр теке, жүн түту, жүн сабау, ұршық иіру, құрт жасау сынды қазақтың тұрмыстық салттары көрсетіліп, ұлттық тағамдардан мол дастарқан жайылды.
Алаңдарда спорттың түр-түрінен жарыстар өткізіліп, аудандағы кәсіпкерлер өндіретін және ауылшаруашылық өнімдерінің көрмесі өтті.