Жедел жағдайды тұрақтандыру, сондай-ақ азаматтық қару айналымын бақылау мақсатында 2025 жылдың 17-25 сәуір аралығында Республикалық аумағында «Мерген» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Іс шара барысында полиция қызметкерлері тіркелген азаматтық қару иелерін мекен-жайы бойынша, сақтау заңнамасына сәйкестігі тексеріледі.
Заңсыз сақталған қару-жарақты тапсыру мәселелері бойынша кез келген аумақтық полиция органына немесе 102 телефон нөмірі бойынша өтінішпен жүгінуге болады. Естеріңізге сала кетейік, заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.