Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында 21 жастағы Шымкент тұрғынын өлтірді деген күдікті ер адамды ұстады.
Іздеуге Шымкент полиция департаментінің бүкіл құрамы жұмылдырылды. Кіру және шығу бақылауы күшейтіліп, аумақты тінту жүргізілді. Күдікті қаладан шамамен 10 шақырым жердегі ашық жерде табылып, ұсталды.
28 жастағы Шымкент тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұған дейін күдіктінің марқұмның танысы екені анықталған болатын. Қылмыстың себебі мен мән-жайы тергелуде. Кісі өлтіру бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта бірқатар жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.







