Úı ANONS Kaspi Pay аккаунтын “жалға беру” арқылы қылмыстық жауапкершілікке тартылуыңыз ықтимал

Kaspi Pay аккаунтын “жалға беру” арқылы қылмыстық жауапкершілікке тартылуыңыз ықтимал

фото ШӨКҚ
Қазақстанда кәсіпкерлерге Kaspi Pay аккаунтын “жалдап алу” туралы ұсыныстар жиілеп кетті. Алаяқтар жеңіл табыс уәде етеді, бірақ шын мәнінде сізді қылмысқа тартады. Kaspi Pay аккаунтыңызды берсеңіз, олар сіздің атыңыздан бар тауарды емес, жалған тауарларды сатады және адамдарды алдайды.
Салдары:
• Салық бойынша үлкен қарызға қалуыңыз мүмкін.
• Алаяқтыққа қатысы бар тұлға ретінде қылмыстық жауапкершілікке тартылуыңыз ықтимал.
 Есте сақтаңыз: Kaspi Pay аккаунтын “жалдауға” заңды себеп жоқ!
Банк деректеріңізді және аккаунтқа қолжетімділікті ешкімге бермеңіз.