Úı ANONS Жоқ пәтерді жалға беріп, пайда тапқан

Жоқ пәтерді жалға беріп, пайда тапқан

Шымкент полициясы қала тұрғындарын алдап соққан әйелді ұстады. Талдықорған қаласының тұрғыны интернет арқылы жоқ пәтерді жалға беріп, пайда тапқан. Ол үшін әлеуметтік желілер мен сайттарға жарнама берген, Сөйтіп жалға алушылармен байланысып, алдын-ала төлем алып отырған.

Полиция тұрғындарға онлайн, интернет арқылы пәтер жалға алу кезінде абай болуға шақырады. Пәтердің бар-жоғына көз жеткізбей, алдын ала ақша аударып, сан соғып қалмауды сұрайды. Бастысы міндетті түрде келісім-шарт жасау керектігін ескертеді.

Дилара Иса