Úı Jańalyqtar «Құқықтық көмек» жобасы аясында мобильді қоғамдық қабылдау өтті

«Құқықтық көмек» жобасы аясында мобильді қоғамдық қабылдау өтті

фото ШӘДБҚ

 

 

Шымкент қаласындағы Қаратау ауданында тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және өзекті мәселелерін шешу мақсатында «Құқықтық көмек» жобасы аясында мобильді қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – шалғай елді мекендерде тұратын азаматтарға құқықтық және әлеуметтік қолдау көрсету, сондай-ақ тұрғындармен тікелей байланысын нығайту болды.

 

Мобильді қабылдау барысында аудан тұрғындары өздерінің құқықтық мәселелерін мамандарға жеткізіп, кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Қоғамдық қабылдауда заңгерлер мен әлеуметтік қызметкерлер тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, құқықтық кеңес берді. Сонымен қатар, шара барысында тұрғындарға қажетті ақпараттар мен құжаттарды рәсімдеу бойынша кеңестер ұсынылды.

 

Шараға қатысқан азаматтар өздерін мазалаған мәселелерін ашық айтып, нақты әрі тегін көмек алудың арқасында көптеген қиындықтарын шешуге мүмкіндік алды. Бұл шара шалғай елді мекендердегі халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың құқықтарын қорғауға және әлеуметтік тұрғыдан қолдауға бағытталған маңызды қадам болды.

 

«Құқықтық көмек» жобасы аясында ұйымдастырылған мобильді қоғамдық қабылдау – елді мекен тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға, олардың қоғамға толыққанды қатысуына жағдай жасауға бағытталған маңызды бастама. Алдағы уақытта да осындай шаралар жалғасын тауып, тұрғындардың құқықтық білімін арттыру және олардың мәселелерін шешуге қолдау көрсету жалғаса береді. Қоғамдық қабылдауға Шымкент қалалық партия филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары, фракция жетекшісінің орынбасары Талғат Балтабаев, қалалық мәслихат депутаты Лазиз Сулайманов, заң консультанты Яша Османов және де тиісті басқарма өкілдері қатысты. Көшпелі қабылдау барысында тұрғындар әлеуметтік жағдай, алаяқтық, инфрақұрылымның жетіспеушілігі, тұрғын үй мәселесі, коммуналдық қызмет сапасы және жұмыспен қамту сынды бағыттарда өз өтініштерін білдірді. Әрбір азаматтың өтініші жеке тыңдалып, заң аясында толық түсіндірме берілді.