Úı ANONS «Сендер бәрің де бақыттысыңдар…»

«Сендер бәрің де бақыттысыңдар…»

Фото: GoodFon.ru

 

 

Жұмысымыздағы жас отбасының қоныс тойына барғанбыз. Дастархан басында арқа-жарқа болып, бір жырғап қалдық. Жұмыстан тыс уақытта бір — бірімізбен арқын-жарқын әңгімелесіп, шүйіркелесіп, керемет бір отырыс болды.

Бұрынғы бастығымыз да құрметті қонақ болып келіпті. Көпті көрген, айтатын жерінде бетің бар, жүзің бар демей сойып салатын әдеті бар еді. Бірақ соңынан жуып шайып, әңгіме айтқанда алдыңғысын ұмытып кететінбіз. Ұжымның анасындай болды. Үй иелеріне ақжарма тілектерімізді кезек-кезегімен арнап жаттық. Өзіне тост берілгенде бұрынғы бастық тосылған жоқ. Сөзінің басын «Сендер барлығың да бақытты адамсыңдар…» деп бастады. Бір — бірімізге қарадық. Қай бағытта айтты екен деген сауал бәріміздің көкейімізде тұр.

«Кешегі коронавирус жер бетін жайлаған кезде талай нарқасқалар мен марқасқалар дүниеден өтті. Атағы жер жарған, байлығы жарты планета адамдарын асырауға жететін небір олигархтар арғы дүниеге аттанып кетті. Сол шақта қалай болар екен деген қорқыныш бәріміздің де басымызда болғаны рас. Сол аласапыраннан аман өткен мына отырған сендер, барлықтарың да бақыттысыңдар…» деді.

Расында кейде көңіл аударатын кіп — кішкене дүниеге шүкіршілік айтуды да ұмытып кетеміз ау осы… Бақытты екендігімізді сезіне алмаймыз… Рас қой…

Гүлжан Көшерова