Түркістан облысының Отырар ауданында рұқсатсыз газ қосылымына байланысты жарылыс болды, деп хабарлады QazaqGaz Aimaq АҚ баспасөз қызметі.
Шәуілдір ауылындағы көпқабатты үйлердің бірінде газ-ауа қоспасының жарылысы болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, оның себебі газбен жабдықтау жүйесіне рұқсатсыз қосылу болды.
Бір адам жарақат алды, бірнеше пәтерге зақым келгені туралы хабарланды. Газбен жабдықтау уақытша тоқтатылды, желілер тексерілуде.







