Úı ANONS Жүздеген жүргізуші қарсы бағытпен жүрген

Жүздеген жүргізуші қарсы бағытпен жүрген

Түркістан облысында жыл басынан бері 524 жүргізуші қарсы бағытқа шыққаны үшін  көлік жүргізу құқығынан айырылған. 11 мыңнан аса адам көші-қон заңнамасын бұзған. Осы және өзге де мәселелер Түркістан облысы әкімдігінде өткен жиында талқыланды. 

Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 11 мыңнан аса адам әкімшілік жауапқа тартылды. Олардың 4 мыңға жуығы шетел азаматы. Осы және өзге де мәселелер облыс әкімдігі жанындағы  құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті мәжілісінде айтылды.

Бағланбек Айтпаев, Түркістан облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары: «Күн сайын жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 290 патрульдік полиция қызметкерлері жұмылдырылады. Автомобиль жолдарында мобильді кешенді жылдамдықты бұзудың автоматтық түрде тіркеу қолдануда. Қарсы бағытқа шығып кету қашықтан анықтаушы екі дрон аппараты арқылы әуе патрульді жүзеге асырып жатырмыз. Жол көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында тұрақты түрде профилактикалық шаралар өткізілуде».

Сонымен бірге мәжілісте жол-көлік ережелерін бұзғандар туралы да мәселе көтерілді. Айталық, жыл басынан бері  524 жүргізуші жолдың қарсы бағытына шыққаны үшін  көлік жүргізу құқығынан айырылған. Мас халде көлік жүргізген 605 жүргізушінің көлік жүргізу құқығы шектелген. Десе де облыс әкімі жол жүру ережелерін ретке келтіру керектігін айтты.

Нұралхан Көшеров, Түркістан облысының әкімі: «Республика аумағында республикалық, облыстық, аудандық  автомобиль жолдарының бойындағы жол белгілері мен жарнама тақтайшаларын ретке келтіру, жол көлік оқиғаларын жиі жол беретін жүргізушілердің жүргізуші куәлігін алуға, олардың оқыған автомектептердің қаншалықты сапалы білім беруіне талдау жасау қажет. Егер де сондай көп жиі алатын болса сол мектептерді лицензиясынан айытуды ұсынамын».

Комиссия мәжілісінде пробацияда жүрген сотталушыларды жұмыспен қамту жайы да сөз болды. Мысалы, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі арқылы 5 жүзден аса адам жұмысқа орналасуға ниеттенген. Олардың 249-ы тұрақты жұмыспен қамтылған.

Дилара Иса