Úı ANONS Алаяқтық бабы бойынша үкім жарияланды

Алаяқтық бабы бойынша үкім жарияланды

фото aikyn.kz
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Е.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы Е. ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен (алаяқтық, яғни адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бірнеше рет бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде және аса ірі мөлшерде жымқырып, алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену) айыпталған.
Е. адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, бірнеше рет, аса ірі мөлшерде 2017-2024 жылдар аралығында инвестор ретінде қарызға пайызбен ақша беретін тұлға ретінде өзін таныстырып, 9 жәбірленушілерге мүліктің сатылым бағасына сәйкес келмейтін сомадағы ақшаларды беріп, олардың сеніміне кіріп, кепіл, қарыз алу немесе мүлікті сату сатып алу шарттарын нотариус арқылы түздіріп, олардың мүліктеріне құқықты иемденіп үшінші тұлғаларға тіркетіп, немесе азаматтық тәртіппен қарызды өндіру туралы арызымен сотқа жүгініп, ол сот шешіміме орындау тәртібімен жеке сот орындаушы арқылы жәбірленушілердің жылжымайтын мүліктерінен иемдену құқықтарынан айырған.
 
Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәлердің жауаптарымен, сот- сараптама қорытындысымен, сатып алу-сату келісім шарттарымен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденеді.
 
Прокурор сотталушы Е.-ге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.
Жәбірленушілер және олардың өкілдері: сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасының ең үлкен мөлшерін тағайындауды.
Сотталушы Е. кінәсін толық мойындамай жауап беруден бас тартып, істеген іс-әрекетіне өкінбей, азаматтық қарым қатынастыр орын алғандықтан, ақтау үкімін шығаруды сұрады.
 
Сот, сотталушының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жай ретінде есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психиканың бұзылуын таныды, ауырлататын мән-жайлар анықталмады.
Сот, Е.-ні ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танып, 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.