Úı ANONS ӨЗІҢ үшін де өмір сүріп көр…

ӨЗІҢ үшін де өмір сүріп көр…

фото авторы Айару Совет

 

Біз өзімізді жоғалттық. Күйзеліс, алаңдаушылық, балалар үшін, болашақ үшін қорқыныш. Бұл біздің қалауларымызды және біздің әйелдік бақытымызды толық қамтымайды. Біз өмір сүріп жатқан жоқпыз, жанбағыстың жарапазанымен жүрміз.  Сенім жоғалған, комбайн сияқты жұмысты жапырып істейміз. Тыным жоқ. Демалыс жоқ. Шаршаған ағза сыр бере бастайды. Содан бір күні құлаймыз. Сол кезде ойлануға уақыт табылады. Бүкіл өмірің кино кадрлары сияқты көз алдыңнан өтеді. Не істедің, не қойдың?..

Бір сәт өзің үшін емес, өзгелер үшін өмір сүргеніңді түйсінесің. Бауырларыңа көмек, ағайынға көмек, туыстарың бар. Өзіңді тап бір қайырымдылық қорының директоры сынды сезініп кетесің. Бәріне үлгеру керек. Бәріне көмектесу керек. Бармасаң, бермесең ұят қой. Осы ұят қой өлтіретін. Үлкен ұлды үйлендіру керек. Қызға үй әперу керек. Кіші ұлды курсқа тасу керек… Осы керек, керектердің арасында өзіңіздің денсаулығыңызға күтім керек екенін бағамдадыңыз ба?

Өзіңіз үшін де өмір сүріп көріңізші. Бір сәт. Бір уақ. Көңіл бөліп көріңіз. Өмірдің қызылды, жасылды ғажаптығы біліне бастайды. Расында өмір ғажап…

Гүлжан Жұмаш