Úı ANONS Шотында 141 млн. теңге: Дроппердің шындығы

Шотында 141 млн. теңге: Дроппердің шындығы

Фото: Depositphotos
Қылмыстық іске қатысы бар жас жігіт өзінің оқиғасын баяндап берді. Ұсталған азамат банк шотын өзгеге пайдалануға беріп, қалай дроппер болғанын айтты.
Мессенджер арқылы белгісіз тұлға оның шотын ақша аударымдарын қабылдап, қолма-қол ақшаға айналдыру үшін қолдануды ұсынған. Ер адам ұсынысқа келіскен. Кейін ол бұл іске таныстарын тартқан.
Шотынан алынған қолма-қол ақшаны ол өзі жеке танымайтын тұлғаларға беріп отырған. Ер адам өзінің заңды бұзып және жақындарын да қиын жағдайға түсіргенін жеткізді.
Полиция мұндай схемаларға қатысу қылмыс болып табылатынын және заңнамаға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады.