Úı ANONS Мектептерде стоматологиялық кабинеттер саны артуда

Мектептерде стоматологиялық кабинеттер саны артуда

фото edu.mcfr.kz

 

Шымкент қаласындағы білім беру ұйымдарында оқушылардың тіс саулығын жақсарту мақсатында 15 стоматологиялық кабинет пайдалануға берілді. Ал келер жылы тағы 25 кабинет ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайрат Қалибеков бүгін өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.

Брифинг барысында сала басшысы қалада бірқатар медициналық ұйымдарды сенімгерлік басқаруға беру мәселесіне де тоқталды. Сонымен қатар денсаулық сақтау жүйесінде шешімін күткен өзекті түйткілдер, медициналық қызмет сапасын арттыру және инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жоспарлар сөз болды.

Қандай емханалар сенімгерлік басқаруға берілетіні және денсаулық сақтау саласындағы өзге де маңызды мәселелер туралы толық ақпаратты кешкі жаңалықтардан көре аласыздар.

Лаура Бабас