Úı ANONS Абай мұрасы — ұлттың рухани қазынасы

Абай мұрасы — ұлттың рухани қазынасы

Өңірде ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай мұрасы – ұлт ұлағаты» атты ғылыми-танымдық конференция өтті. Мақсат-  кемеңгердің мол мұрасын өскелең ұрпаққа насихаттау. Жиынға қаладағы жоғары оқу орындарынан мамандар, БАҚ саласының беделді тұлғалары және жастар қатысты. 

Қазақ үшін,тіптен адамзат үшін ағартушылыққа үлкен үлес қосқан Абай Құнанбайұлының еңбектері құнын білген жанға — баға жетпес байлық.  Артына мол мұра қалдырған оның шығармаларын бүгінгі ұрпақтың білуі ұлттың дамуына салған маңызды қорек.

Осы мақсатта қаланың белді оқу орнында жастар мен білім және ақпарат саласының мамандары бас қосқан жиын өтті. Жиында  филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ақжол Қалшабек өзінің 10 жыл уақытын арнап жазып шыққан Абай еңбектері туралы кітабы жайында сөз қозғады.

АҚЖОЛ ҚАЛШАБЕК, Мұхтартану ғылыми зерттеу орталығының басшысы: «Абайдың стильдік  өрнектерінде де, мынау шығармаларының құрылымында да көп жаңалықтар бар. Мысалы бұрын қара сөз деп келдік. Қара сөз деген ол жерде сөз жоқ. Оның орнына түпнұсқадағыдай китабу ақын деп бердік. 38-ші қара сөзін өзінің орнына қойып, қара сөзге кірмейтін сөз оны бөлек «Китабу тасдих» деп бердік. Сондай жаңалықтар көп».

Мүрсейіт Бікеұлының қолжазбаларына сүйеніп жасалған кітап түпнұсқадағы ақпарадың бәрін дәл нақ беруге тырысқан. Бұған дейін айтылмаған осы және өзге де жаңалықтар осы уақытқа дейін 2000 таралыммен жарық көрді. Кітап авторының өзінен дәріс алған жастар қанаттанып ерекше әсер алды.

РАХАТБЕК НҰРЖАНҰЛЫ, БЕЛСЕНДІ ЖАС: «Абайдың жасап кеткен дүниелерін қайта жаңғырту жолында ағаларымыздың еңбегі зор деп ойлаймын. Оның ішінде Ақжол Қалшабек, Әзімхан Исабек және Абай Қалшабек ағаларымыз секілді. Мен ойлаймын осы ағалардың артынан ерсек, тек Абай атамызды ғана емес өзімізді де танимыз деп ойлаймын. Және де осы секілді ақпараттандыру жұмыстары жастардың Абайға оның өміріне деген қызығушылықтарды арттырады деп ойлаймын».

Айта кетейік, іс-шара Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылған. Әрі Ақжол Қалшабектің де кітабының таныстырылымы да осы мерейтойға сәйкес келген.

Ботакөз Әнуар