Шымкентте мәдени орталықтар жексенбілік мектепте дәріс алуда

299

Туған тілі мен ұлттық дәстүрді ұлықтауда жексенбілік мектептердің ролі басым. Қазір Шымкентте түрлі мәдени орталықтар сабақ ұйымдастырып отыр. Бұл үрдістің көпұлтты Қазақстанда қолға алынғанына бірер жылдың жүзі болды. Қазір көптеген мәдени орталықтар жексенбілік мектепте дәріс беруді ұйымдастырып келеді.

Бұл Армян ұлттық мәдени орталығына қарасты жексенбілік мектеп. Мұнда аталған ұлттың өкілдері туған тілін, салт-дәстүрін меңгереді. Сабақтың барысы жалпы орта мектептердегідей. Оқыту әдістемесі, дәрістің ұзақтығы сол күйі. Тек дәрісті оқытатын бір ғана мұғалім.

Әр аптаның жексенбісінде дәл осы сыныпқа үлкен де, кіші де жиналады. Өйткені түске таяу уақытта екі бірдей топқа дәріс беріледі. Кіші топта 15 шәкірт білім алса, ересек топта 8 оқушы сабақ өтеді. Сирарпидің осында дәріс алып жүргеніне 2 айдан асып кетті. Әр жексенбі күні ол осында тарихын тану үшін келеді.

Жексенбілік мектептер қазір көптеген ұлттық мәдени орталықтарында жұмыс істейді. Ол ұлтаралық достықты ұлықтауда тағы бір Қазақстандық тәжірибенің модулі болып қалыптасқан.