Úı ANONS Автокөлік алып беремін деп, алаяқтық жасаған…

Автокөлік алып беремін деп, алаяқтық жасаған…

фото kz.otyrar.kz
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында сотталушы И.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушы И. ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен (бірнеше рет ірі және аса ірі мөлшерде алаяқтық жасау) айыпталған.
 
И. 2023-2025 жылдар арасында Шымкент қаласында бірнеше рет тоғыз жәбірленушіге арзан бағада автокөлік алып беремін деп алдап айтып, олардың сенімдеріне кіріп, алаяқтық жолымен олардың ақшасын иемденген. Сотталушының кінәсі дәлелденді
Сотталушының тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденді.
 
Прокурор сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, ҚК-нің 74-бабы бойынша тағайындалған жазаны 1 жылға кейінге қалдыруды сұрады.
Жәбірленушілер сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды және азаматтық талап арыздарды қанағаттандыруды сұрады. Сотталушы өзіне ең төменгі мерзімде жаза тағайындауды және оны орындауды 5 жылға кейінге қалдыруды сұрады.
 
Сот, сотталушының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның кінәсін мойындауын, 3 кәмелетке толмаған баласының болуын ескерді, ал ауырлататын мән-жайлар ретінде – бұрын сотталғаны, әрекетінде қылмыстардың қайталануы және залалдың өтелмеуі назарға алынды.
Сот, И.-ны ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танып, оған түпкілікті 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды, ҚК-нің 74-бабы бойынша жазаны орындау 1 жылға кейінге қалдырылды. Азаматтық талаптар қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.