Úı ANONS Мобильді мұнараның адам денсаулығына зияны бар ма?

Мобильді мұнараның адам денсаулығына зияны бар ма?

Мобильді байланыс мұнарасының адам денсаулығына зияны бар ма? Бұл сұрақ Самал 3 шағынауданының тұрғындарын алаңдатып отыр. Олардың айтуынша, жеке меншік сектордағы орналасқан үйлер арасына мұнара орнату заңсыз. Сондай-ақ, денсаулығымызға тигізер зардабы көп деп отыр. Ал, жергілікті атқарушы орган өкілдері не дейді? 

«Халықтың жанайқайын еститін әкім мырза 60 үйдің қарсылығы. Бүгін сізге апарып тастап кетем».

Самал 3 шағынауданы Самал жел көшесінің тұрғындары  мобильді мұнараның орнатылуына қарсы. Тұрғын үйлер арасынан бой көтеретін құрылғы денсаулығымызға кері әсер етеді деп отыр. Сондықтан, құрылысты тоқтатуды талап етеді.

ЭЛЬМИРА ҚОЖАМБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Заңмен айтатын болсақ, денсаулыққа зияны жоқ дейді. Барлығымыз көзіміз ашық адамдармыз. Оқымаған адамның өзі біледі. Ал, гуглдан қарасақ, адамға зияны бар. Бұл тұрған жерде 30 метр ары  болу керек үйлер. Терезелері ары қарау керек. Өзен арық болмау керек. Өзеннің түбіне орнатып тұр».

ЗАКИР ЖОЛДАСОВ. ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Дәл қазір Самал 3 шағынауданында 5 джи ұстап тұр. Біз оған тәуелді емеспіз. Бала шаға ойнайды, басқа қылады. Ортада қоршауда қойылмаған.  Кселлдің адамдары біз әкімшіліктен, СЭС-тен рұқсат алып қойғанбыз. Сендер бізге кедергі жасап жатсындар дейді».

Ал, Абай ауданы әкімдігінің өкілдері құрылысты уақытша тоқтаттық деп отыр. Халықтың базынасын назарға алып, тиісті органдарға хат жолдадық дегенді алға тартты.

ЕРҒАЛИ ӘБІЛОВ АБАЙ АУДАНДЫҚ ОРТА САПАСЫ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ: «Біздің аудан әкімдігінің бұл мәселе жөнінде тікелей құзыреті болмағандықтан, біз тиісті басқармаларға тұрғындардың өтініштерін жолдадық. Яғни, цифрландыру басқармасы, қалалық орта сапасын дамыту басқармасына  тұрғындардың өтініштерін жібердік».

Жоғары өнімді мұнараның орнатылуына рұқсат берген бірден бір мекеменің бірі, жергілікті санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасы екен. Мұндағы мамандардың айтуынша, мобильді мұнараның адам денсаулығына төндірер қаупі жоқ дейді. Тұрғындардың алаңдауына да себеп жоқ деп отыр.

НҮРКЕН СӘРСЕНБАЕВ,  АБАЙ АУДАНДЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Эпидемиологиялық қорытындының мәні, бұл антеналардан шығатын электромагниттік сәулелердің адам денсаулығына зияны барын немесе жоқтығын қарап, жоқ болған жағдайда, мекен жайға бармастан, рұқсат береміз. Адам денсаулығына зиияны жоқ. Белгілі бір мөлшердегі ватт немесе герцтен асып тұрған жоқ».

Айта кету керек, өз жерін жалға берген тұрғын, құжаттарымның бәрі дұрыс деп отыр. Кселл орталығымен 2029 жылға дейін келісімшарт жасаған. Енді олар не істесе де өз құзыретінде дейді жалға беруші.

Нұргүл Жолымбетова