Шымкентте снюстерді қолданудың зияны туралы акция өткізілді

557

Шымкент қаласының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті «Фиркан Сити» сауда-ойын-сауық орталығында снюс өнімдерінің балалар мен жасөспірімдердің ағзасына зиянды әсері туралы акция өткізді.

Акцияға Департамент мамандары, психикалық денсаулық орталығының дәрігер-наркологы қатысты. Сонымен қатар, қала студенттерінің қатысуымен флеш-моб ұйымдастырылды.

Акция барысында сауда орталығының келушілеріне снюстерді қолданудың зиянды әсері және қауіп салдарлары туралы түсіндіріліп, жадынамалар таратылды. Снюс дегеніміз не? Снюс – толық немесе ішінара тазартылған темекі шаңынан немесе кесілген темекінің ұсақ фракциясынан дайындалған соруға арналған түтінсіз темекі түрлерінің бірі. Неліктен снюс танымал болды? Снюс тез танымал болуда, себебі оны елеусіз қабылдауға болады және ешкім білмейді.

Жасөспірімдер снюстен өзінің өмірге қауіпті никотинді жолын бастайтын контингент болып табылады. Құрамында никотині бар леденцы несімен қауіпті? Сілекей никотинмен бірге жоғары концентрацияларда қан мен миға өте тез түседі. Бір қапсырмасында орташа есеппен 40 мг никотин бар, мұндай дозаны бір мезгілде екі қорап темекі шегу арқылы алуға болады. Бұл өте үлкен доза, ол никотинмен улануға, ал кейіннен — тырысуға және тыныс алудың бұзылуына әкелуі мүмкін. Снюсті қолдану тәуелділік тудырады.

Бұл ретте оның [никотиннің] қандай жолмен қолданылғаны маңызды емес — темекі, шайнайтын, соратын, т.б. түрлерде болса да, бұл тәуелділікті тудыратын никотин болып табылады. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 12.12.2019 жылғы №7-ПГВр қаулысына сәйкес, снюстерге Қазақстанда уақытша тыйым салынды. Акциядан бөлек, қаланың барлық жалпы білім беру мекемелерінде және колледждерде снюстердің зияны туралы семинарлар мен акциялар өткізіліп, дәрістер оқылуда.