Úı ANONS Психотроптық заттар мен есірткіні жарнамалайтын боттар бұғатталды

Психотроптық заттар мен есірткіні жарнамалайтын боттар бұғатталды

фото ШПД
Ағымдағы жылдың 11 айында Шымкент қаласында есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысты 519 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 96 есірткі заттарын өткізу жайты; 17 аса ірі көлемде сақтау; 32 есірткі өсімдіктерін өсіру; 5 есірткіні жарнамалау; 368 есірткімен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде заңсыз айналымнан 388 келіден астам есірткі заттары тәркіленді. Психотроптық заттар мен есірткіні жарнамалайтын 1909 сілтеме мен боттар бұғатталды.
Бұдан бөлек, қылмыстық мақсатта қолданылатын банктік шоттарды бұғаттау жұмыстары жүргізілуде. 49 миллион теңгеден астам қаражатқа ие 1907 шот бұғатталды.
Есірткі құралдары мен психотроптық заттарды тұтынуға теріс көзқарас қалыптастыруға бағытталған профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Жыл басынан бері мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, халық арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған мыңнан астам іс-шара өткізілді. Бұл шаралармен жалпы саны 200 мыңнан астам адам қамтылды. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.