Úı ANONS Қазақ сахнасының абызы өмірден өтті

Қазақ сахнасының абызы өмірден өтті

фото tengrinews.kz

Бүгін қазақ театр және кино өнері орны толмас ауыр қазаға ұшырады. Қазақ сахнасының абызы, КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, кино және театр әртісі, режиссер Асанәлі Әшімұлы өмірден өтті.

«Бұл — бір адамның ғана емес, тұтас бір дәуірдің қоштасуы. Асанәлі Әшімұлы — қазақ өнерінің биігін әлемге танытқан, сахна мен экранда ұлттық рухты асқақтата білген бірегей тұлға еді. Оның әр рөлі — тарих, әр бейнесі — тағдыр, әр сөзі — мектеп болды. Ол өнерге адалдықтың, сахнаға тазалықпен қызмет етудің, ұлт рухын қорғаудың үлгісін көрсетті», — деп жазды театрдың әлеуметтік парақшасында.

Атақты әртіс әрі режиссер Асанәлі Әшісов туралы аңыз көп. Әу баста «Қыз Жібек» фильмі арқылы Бекежан ролімен танылған әртістің өмір жолы сан қилы, сан тараулы жолдардан тұрады. Одан кейін де театр сахнасында, кино әлемінде талай рольдерді сомдады. Өмірі өлеңмен өрілген аңыз тұлға туралы әлі де талай дастандар жазылары хақ.