Úı ANONS 70 мектептің асханасынан шикілік шықты

70 мектептің асханасынан шикілік шықты

фото Sputnik / Владислав Воднев

70-тен аса мектеп асханасы белгіленген талапқа сай болмай шықты. Түркістан облыстық прокуратурасы дәл осылай ақпарат таратты. Прокуратура дерегінше, бала құқығын қорғау мақсатында мектеп асханаларының санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігіне талдау жүргізген.

«Талдау нәтижесімен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында асханаларды жаңғыртып, пайдалануға алған кәсіпкерлердің 70 мектепте санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз қызмет атқарып келгені анықталды. Прокуратура аталған заң бұзушылықтар бойынша облыс әкімдігіне және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне қадағалау актілерін енгізді»
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫ

Дәл қазір 12 мыңнан аса бала білім алатын 50 мектеп тексеру қорытындысын алған. Мектептердің әкімшілігі мен кәсіпкерлер әкімшілік жауапқа тартылып, оларға 7 миллион теңгеден аса айыппұл салынған.

Дилара Иса