Úı ANONS Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар тәркіленді

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар тәркіленді

фото ІІМ

Ішкі істер министрлігі 9-12 қаңтар аралығында республикалық «Қару» жедел іс-шарасын өткізді.

Іс-шараның нәтижесінде:

— заңсыз айналымнан 340 қару, және 2 мыңнан астам, оқ-дәрі тәркіленді;

— 14 криминалдық қару алынды, оның ішінде сегізі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған, алтауы бұрын жоғалған қару;

— алыстағы шаруа қожалығы тексеріліп, нәтижесінде, 70 атыс қару тәркіленді;

— ел тұрғындары, өз еркімен 35 қаруды өх еркімен полицияға тапсырды.

Ішкі істер министрлігі еске салады: заңсыз сақталған қаруды, өз еркімен тапсырған азамат қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.