Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Жоғарғы мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы қайтыс болды. Қаралы хабарды еліміздің Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы Наурызбай қажы Тағанұлы хабарлады.
“Рәтбек хазіретіміз мүфти болған жылдары мұсылман мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынас орнатып, ынтымақтастықты арттыра түсті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының іргетасын қалаған Рәтбек Нысанбайұлы өзі басқарған мерзім ішінде 30-дан астам мешіт салдыруға ықпал етті”, – деді бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Рәтбек Нысанбайұлы 1940 жылы Түркістан өңірінде дүниеге келген. Ол Ливия университетінде діни білім алған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған.
Рәтбек қажы Нысанбайұлы қазақ тілінде діни еңбектер жазып, Құран мағыналарын түсіндіру ісіне де еңбек сіңірді. Ол елдің рухани өмірінде терең із қалдырған тұлға ретінде танылды.







