Қазақстан тұрғындары үшін D дәруменінің тапшылығы әлі де өзекті мәселе. Мамандардың айтуынша, бұл дәруменнің жетіспеушілігі халықтың едәуір бөлігінде, тіпті климаты жылы аймақтарда да кездеседі. Бұған жабық ғимараттарда ұзақ уақыт болу, жабық киім кию және ауаның ластануы әсер етеді. Ал ағзадағы D дәруменінің орнын қалай толтыруға болады?
Күн шуағы мол Шымкенттің өзінде D дәруменінің тапшылығы өзекті болып отыр. Дәрігерлердің мәліметінше, өңір тұрғындарының шамамен 70 пайызында осы дәрумен жетіспейді. Бұл туралы медицина мамандары фармацевтика саласы өкілдерімен өткен кездесуде мәлімдеді.
Мамандар тапшылықтың орнын арнайы препараттар арқылы толықтыруды ұсынады. Солардың бірі – «Юнифарм» компаниясы шығаратын, халал мәртебесіне ие капсула түріндегі D дәрумені.
D дәрумені иммундық және репродуктивті жүйенің жұмысын жақсартып, сүйек пен тістің саулығына, есте сақтау қабілетіне оң әсер етеді. Ең бастысы – «Юнифарм» компаниясының халал мәртебесі бар. D дәруменін таңдай отырып, сіз тек өз денсаулығыңызға ғана емес, өзгелерге де көмек көрсете аласыз.
ДИАНА МАМАКОВА, «ЮНИФАРМ ҚАЗАҚСТАН» ЖШС АЙМАҚТЫҚ МЕНЕДЖЕРІ: «Біздің идеямыз – әр сатылған қаптамадан 50 теңгені қайырымдылыққа аудару. Ауыр аурулармен зардап шеккен балаларға көмек ретінде көптеген балаларға көмектесіп жатырмыз».
Халал мәртебесі бар D дәруменінің әрбір қаптамасынан түскен 50 теңге Қазақстан аумағында емделмейтін ауыр дертке шалдыққан балаларға көмек көрсетуге бағытталады. Бұл қаражатқа кішкентай науқастардың шетелге ұшуы, тұруы және қымбат операциялары төленеді, – дейді «Мейірімділік үйі» қорының директоры Аружан Саин.
АРУЖАН САИН, «МЕЙІРІМДІЛІК ҮЙІ» ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Компаниямен бірлескен жобамыздың нәтижесінде соңғы тоғыз айда Қазақстанның 11 баласына нақты көмек көрсетілді. Ең маңыздысы – адамдар өз денсаулығына қажетті D дәруменін сатып ала отырып, автоматты түрде қайырымдылыққа да үлес қосады. Осылайша әрбір азамат игі істің бір бөлшегіне айналып отыр».
«Юнифарм» – Қазақстанда алғаш болып D дәрумені тапшылығына қатысты ауқымды зерттеу жүргізген фармацевтикалық компания. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, ел тұрғындарының 70 пайыздан астамында бұл дәруменнің жетіспеушілігі анықталған. Әсіресе әйелдер мен балалар – ең осал топ.
Компания өкілдерінің айтуынша, D дәруменін сатып алу арқылы тұрғындар өз денсаулығына қамқорлық жасап қана қоймай, қайырымдылық бастамаларға да үлес қоса алады.
Лицензия №22019818
22.10.2022 ж. ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен берілген


